Атырау, 20 сәуір 04:54
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр

2 937 просмотра

Қазақстанда коронавируспен байланысты эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда коронавирус жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. 27 қарашадағы жағдай бойынша ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 129 213 науқас тіркелді, ал ковидтік пневмонияға 41 756 адам шалдықты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қазір республика орташа қауіпті аймақта тұр.

Коронавирустан 115 384 адам жазылып шықты, 2013 науқас қайтыс болды.

Ал ковидтік пневмониядан 30 362 пациент емделді, 439 адам көз жұмды.

27 қараша 2020, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.