Атырау, 14 қазан 11:21
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Талдықорғанда газ баллоны жарылды: 4 адамның жағдайы ауыр

2 852 просмотра

Жалпы саны 8 адам зардап шеккен

фото: ТЖМ баспасөз қызмет


26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында Талдықорған қаласы Еркін ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылып, 8 адам зардап (үшеуі - балалар) шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Аубакирова жарылыстан зардап шеккен жандардың қазіргі жағдайы туралы хабар берді. Басқарма өкілінің айтуынша, жарылыстан зардап шеккен төрт адамның жағдайы өте ауыр. 14 жасар баланың денесінің 98%-ы күйіп қалған.

«Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан 4 науқастың жағдайы өте ауыр. 14 жастағы баланың денесі 98%, 48 жастағы тұрғынның денесі 82%, 47 жастағы зардап шегушінің денесі 50% және 70 жастағы тұрғынның денесінің 55 пайызын күйік шалған», - деді басқарма өкілі.

Сондай-ақ ресми өкілдің мәліметінше, облыстық балалар ауруханасына жарылыстан зардап шеккен 10 және 8 жастағы науқастар жеткізілген. Олардың беті, мойны, денесі күйген. Жағдайы бірқалыпты.

Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған.

Дереккөз: Азаттық рухы

27 қараша 2020, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.