Атырау, 23 желтоқсан 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам көз жұмды

2 985 рет қаралды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының салдарынан 5 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды.

Бір тәулік ішіндегі коронавирус пен пневмония бойынша кісі өлімінің статистикасы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының салдарынан 5 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері 2013 адам коронавирустан, ал 1 тамыздан бастап 439 адам пневмониядан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 11 816 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр, оның 781-і - балалар. Ауруханаларда 3 276 науқас, ал амбулаториялық деңгейде 8 540 науқас бар. 208 адамның жағдайы ауыр, 31-інің денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бір тәулік ішінде 161 қазақстандық коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты, ал 73 одан емделіп, сауықты. 1 тамыздан бастап КВИ белгілері бар пневмонияның 41 756 дерегі тіркелді.

27 қараша 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.