Атырау, 14 қазан 11:15
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады

3 483 просмотра

Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында зымыраннан қорғану жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа ракетасын сынағанын хабарлады. 26 қарашада жарияланған ресми хабарламада зымыранның қашан сыналғаны айтылмаған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыранға қарсы жаңа жүйе “өзіне тән қасиеттерін дәлелдеп, тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсірген".


"Зымыраннан қорғану жүйесі әуе-ғарыш шабуылдарынан қорғауға арналған" делінген хабарламада.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, соңғы рет осыған ұқсас сынақ қазан айының соңында өткен.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.


26 қараша 2020, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.