Атырау, 14 қазан 11:19
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Иманбек Зейкенов "Грэммиге" үміткер

Бейнежазба
2 774 просмотра

Жиырма жастағы Иманбек Зейкенов "Вечерний Ургант" бағдарламасының эфирінде Grammy музыкалық байқауында жеңіске жету мүмкіндігіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Оның Saint JHN-нің Roses атты әніне жазылған ремиксі "Грэмми" номинациясына ұсынылды. Содан кейін тележүргізуші Иван Ургант Imanbek ретінде танымал болған қазақстандық диджейге хабарласты.

Қазақстандық бұл жаңалық ол үшін тосынсый болғанын айтты.

"Күні бойы жұмыстарыммен жүрдім, кешке Instagram-да тікелей эфир жүргізе бастадым. Маған көрермендер Grammy сыйлығына ұсынылғанымды жаза бастады. Басында әзіл екен деп ойладым. Бірақ көп адам жазған соң тікелей эфирді тоқтатып, интернеттен іздей бастадым. Таңғалдым", - деп өз эмоциясын бөлісті Иманбек Зейкенов.

Ургант та оған жауап ретінде: "шынымды айтсам, біз де таңғалдық", деді. Сондай-ақ, қарсыластары жайлы ойын сұрады.

Зейкеновтың айтуынша, оның музыка саласындағы таныстары басқа үміткерлердің жеңіске жету мүмкіндігі жоқ екенін айтқан.

"Мен оларды тыңдадым, мен де сол пікірдемін", - деді диджей. Иван Ургант қазақстандықты отандасының жеңісімен мерзімінен бұрын құттықтады. "Жеңіс құтты болсын! "Грэмми" бізде, Қазақстанда" деді.

Айта кетейік, Павлодар облысы Ақсу қаласы тұрғыны Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Грэмми" музыкалық сыйлығының номинанттары қатарына енді. Оның Saint JHN-нің Roses атты әніне жазылған ремиксі әлемдік хиттердің алдыңғы қатарында тұр.

Иманбек бұған дейін мұндай танымалдылыққа ие болуды мүлдем күтпегенін, ал бұл әнді кездейсоқ жазғанын айтты.

"Мен үйде Saint JHN-нің әуенін естідім. Осы әнге екі сағатта ремикс жаздым. Кейін ол видеоны интернетке жүктедім. Достарыма ұнады, бірақ айтарлықтай еш нәрсе болған жоқ. Үш айдан соң трек бір миллион жазылушысы бар топта жарияланыпты. Адамдар әуенді сол жерде тыңдай бастады. Бір немесе бір жарым айдан соң маған түрлі продюсерлер хабарласа бастады", - деді Зейкенов.

Айта кетейік, мүсінді табыстау 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.

26 қараша 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.