Атырау, 23 желтоқсан 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда Назарбаев университеті тәжірибесімен тағы екі ЖОО құрылады

2 711 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Назарбаев университетінің тәжірибесімен екі өңірлік жоғары оқу орны құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Педагог кадрларға сұранысты арттыру және білім беру сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есеге артады. Заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізі болуы керек. Назарбаев университеті тәжірибесімен кемінде екі озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде.

Айта кетейік, бүгін Nur Otan партиясының съезі өтіп жатыр. Мұның алдында Президент жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңгеден аса қаражат бөлінетінін және дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетінін мәлімдеген болатын.

25 қараша 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.