Атырау, 23 желтоқсан 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Орта салмақ патшасымын!". Жәнібек Әлімханұлы кімді болсын жеңуге әзір екенін айтты

3 164 рет қаралды

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті рет мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тағы да айтамын. 160 фунтта мен патшамын. Бокстан хабары барлар біледі. Егер чемпиондарда сұрақ болса, жауабын рингте алады. Кімді болсын сабап беремін", - деп жазды Жәнібек Twitter-парақшасында. 

Әлімханұлы орта дивизион чемпиондарын бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. Қазіргі таңда бұл салмақта IBF және IBO белбеуі Геннадий Головкинде (40-1-1, 35 КО), мексикалық Сауль Альваресте (53-1-2, 36 КО) WBA Super мен WBC Franchise титулдары бар, WBC амеркиалық Джермалл Чарлода (31-0, 22 КО), ал WBO белбеуі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО).

Жәнібектің өзінде екінші деңгейлі WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар. Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Гонсало Корионы нокаутқа түсірген (16-4, 6 КО) болатын. 

24 қараша 2020, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.