Атырау, 26 сәуір 01:34
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Трамп Байден командасына билікті тапсыруға келісті

2 451 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі сайлаудан бері үш апта өткен кезде Джо Байден командасына билікті тапсыруға келісті. Трамп сайлауда жеңілгенін мойындаған жоқ, бірақ федералдық агенттіктің билік транзитін бастау туралы шешімімен келісетінін айтты. Бұл туралы Азаттық радиосы.

Осыған дейін жалпы қызмет әкімшілігінің (General Services Administration) жетекшісі Эмили Мерфи 20 қаңтарда инаугурациясы өтетін Байденге билік тапсыру процесін ресми түрде бастай беруге болатынын ескерткен.

“Мемлекеттің мүддесі үшін Эмили және оның командасына бастапқы протоколға сәйкес атқарылуы тиіс шараларды жүзеге асыруға кеңес беремін және өзімнің командама да соны айттым” деп жазды Трамп Twitter желісінде.

Жалпы қызмет әкімшілігінің қадамы Байден командасына федералдық агенттіктердің ақпаратына қол жеткізіп, ресми тұлғалармен байланыс орнатуға, билік ойдағыдай ауысу үшін үкіметтен қаржы алуға, ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептер тыңдауға мүмкіндік береді.

Билік транзитін бастаудан бас тартып келген Трампқа осыған дейін демократтар мен бірқатар республикашылдар процесті кешіктірмеу қажеттігін меңзеп, қысым жасаған. Билік транзитінің кешігуі коронавирус індетімен күреске және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне теріс ықпал етуі мүмкін екені айтылған еді.

Байден командасы үкіметтің кешігіп жеткен көмегін жылы қабылдап, бұл қадам "биліктің бейбіт ауысуы үшін" өте маңызды екенін айтқан.

24 қараша 2020, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.