Атырау, 14 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Нұр-Сұлтан әуежайы Еуроодақ сертификатын алды

2 193 просмотра

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады.

Сертификат кез келген авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз астаналық әуе айлағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын береді. RA-3 сертификаты сонымен қатар елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетінін растайды.

"RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын барлық әуетасымалдаушылар автоматты түрде пайдалана алады, бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) әуекомпанияларға елордалық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.

Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай.

23 қараша 2020, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.