Атырау, 14 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан билігі тірі қой, ешкі және ІҚМ әкетуге жаңадан тыйым енгізді

2 946 просмотра

Қазақстан билігі тірі қой, ешкі және ірі-қара малын (ІҚМ) әкетуге жаңадан тыйым салды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын: тірі ірі қара мал: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды – 0102; тірі қойлар мен ешкілер: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0104», - делінген сауда және интеграция министрлігінің келісімі бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрық жобасында.

Еске салсақ, Қазақстан бұған дейін де тірі қой, ешкі және ІҚМ әкетуге тыйым салған еді.

23 қараша 2020, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.