Атырау, 14 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тоқаев Қарағанды облысына келді

2 391 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.

Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына барады.


23 қараша 2020, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.