Облысаралық Орал-Каспий бассейні инспекциясының бастығы Бисен ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, 2012 жылы су өткен жылдармен салыстырғанда аз болған жоқ.
- Каспий теңізінің деңгейі 2003 жылдан бастап әлемдік мұхиттың деңгейінен бұрынғы 26,5 метрден 27 метрге дейін, яғни жарты метрге төмендеп кетті. Себебі, Каспийге құятын барлық өзендердің суы азайған. Бұл - циклды табиғи-климаттық фактор. Сондықтан да алдағы жылдарда Жайық өзені көтерілмейді, - деді өз сөзінде сенімді ол.
Алайда, өткен жылды алдыңғы жылдарға қарағанда қолайлы болды деп санайды.
- Жайық өзенінің жоғары жағында Орынбор облысы аумағында орналасқан 3 миллиард текше метрден астам сыйымдылықты Ириклин су қоймасы бірнеше жыл қатарынан толған жоқ. Бірақ 2012 жылдың көктемінде ол ернеуіне дейін толды. Қазір су қоймасынан секундына 30 текше метр жылдамдықпен су ағып жатыр, Сақмара да сондай береді, Илек өзенінен – секундына 10-15 текше метр жылдамдықпен су келеді. Алдыңғы жылдары бұдан екі есе кем еді.
Алайда, 2013 жылы Жайық үшін су аз болуы мүмкін. Ресейдің су шаруашылығы мамандары өткен жылдың қарашасында өзен бассейнінде жауын мүлдем болмады, ал желтоқсанда қар аз жауды деп байбалам салуда. Қалай болғанда да, өзен суы өткен ғасырдың 20-жылдарындағы деңгейіне дейін төмендемейді, ол кезде ағын жылдамдығы, кадастрлық деректер бойынша, секундына 10 текше метр болған. Қазір ол секундына 84 текше метрді құрайды.
Жайықтың суы жайындағы мәселе вице-премьер Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ Атырауға сапары кезінде де қозғалды. Министрлер кеңестік жылдарда Жайық пен Қиғаш түптерінің тереңдігі жұмыстарымен машиналы-мелиорациялау станциялары (ММС) айналысып, солардың арқасында ең су аз жылдары да Каспий балығы өзендерге уылдырық шашуға кіре алғандарын естеріне алды.
Соңғы жылдары үкімет өзендерді мелиорациялауға қаражат бөлуде, алайда оны жүзеге асыратын ешкім жоқ. Осындай қалыптасқан жағдайда облыс әкімдігі астрахандық су шаруашылығы мамандарына хабарласуға мәжбүр, алайда олардың да Еділ бойын тазалайтын өз жұмыстары жетерлік.
- Бір ғана жол қалып тұр, ол – ММС-ті қалпына келтіру,- дейді Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қадыржан ТЕЙЛЯНОВ. Сонымен қатар, ол өзен арналарын браконьерлік аулардан тазартуды және жас бекіре балықтары түрлерін өсіруді жандандыруды тапсырды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ