Атырау, 19 сәуір 13:30
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сәдуақас Байғабылов Жандарбек Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды

2 535 просмотра

Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым», - деді Сәдуақас Байғабылов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне. 

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Жандарбек Бекшин атқарады. Айта кетейік, 2018-2019 жылдары С.Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Ол Президенттің департамент қызметіне қатысты сынынан кейін өз еркімен жұмыстан кетті. 

2020 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін Павлодар облысының бас санитар дәрігері болды. 

31 наурызда Көліктегі бас санитарлық дәрігер лауазымына тағайындалды. 

Шілде айында ол бірнеше апта ғана Атырау облысының бас санитар дәрігері болды. 

Айдың соңында Байғабылов Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне қайта оралды.

20 қараша 2020, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.