Атырау, 20 сәуір 00:11
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қордайдағы тәртіпсіздік: сотталған төрт адам бостандыққа шығатын болды

2 495 просмотра

Қазақстанның әскери соты ақпан айында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік бойынша бұрын сотталған азаматтардың апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қыркүйектің соңында Алматы гарнизонының әскери соты тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамға қатысты шешім шығарды. Барлығы әртүрлі мерзімге қамалды. Ресми мәліметке сәйкес, Қордай ауданы Алматы горнизонына қарайды. Оған қоса, сотталған бір азамат әскери қызмет атқарған. Сол себепті осы қылмыстық істер әскери сотта қаралды.

Сотталғандар апелляциялық шағым берді, оны әскери сот қарады. Нәтижесінде олардың төртеуіне қатысты үкім жеңілдетіліп, бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.

Қалған үш сотталушыға қатысты үкім өзгеріссіз қалды, өйткені өтемақы төлемеген және олар қылмысты қайталаған.

Апелляциялық инстанция шешім шығару кезінде зардап шеккендердің төрт сотталған адамға қатысты жазаны жеңілдету туралы пікірін, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын, іс бойынша жеңілдететін мән-жайлардың болуын, жаппай тәртіпсіздіктер барысында әрбір сотталған адамның жеке-жеке іс-әрекетін назарға алды.

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік

Жамбыл облысының Қордай ауданында 7 ақпанға қараған түні жаппай төбелес болды. Қайғылы оқиға салдарынан он бір адам көз жұмды.

Өрттің салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар, сондай-ақ автокөліктер бүлінді.

Кейіннен 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқандығы белгілі болды. 1000-нан астам адам қатысқан жаппай тәртіпсіздіктен 780 отбасы зардап шекті.

20 қараша 2020, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.