Атырау, 27 сәуір 08:08
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"10 адамды өлтірген". Алматылық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2 389 просмотра

Алматыда 10 адамды өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, ер адам 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Жазасын "Қара бүркіт" қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеген.

"2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ға олардың пәтерлерін иемдену мақсатында сенімін пайдаланған. 2001 жылдың қазан айында ол өзіне және Б.-ға сенім артқан азаматтарды жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен сотталушы мен тағы басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқалы пәтерлерді сатқан", - делінген соттың хабарламасында.

Алқабилердің шешімімен cотталушы Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, "а, ж, з" тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған қайтадан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

20 қараша 2020, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.