Атырау, 12 мамыр 14:17
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

«Энергетика министрлігінің ойланғаны жөн»​: Тоқаев газ-химия кешенінің «аяқталмаған» құрылысы туралы​ айтты

3 530 просмотра

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын кеңейту сияқты ірі мұнай-газ жобаларын уақытылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Президент Қашаған кен орнын толық көлемде игеруге көшу керек екенін айтып, онда газ өңдеу зауытын салуды жедел іске асыруды тапсырды.

Президент мұнай-газ жобаларында қазақстандық мазмұнды арттыру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл мәселеде саннан сапаға көшетін уақыт келді.

Мұнай-газхимияның болашағы туралы айтқан Президент, аталған саласының табысты ілгерілеуі еліміздің жалпы бағытын өзгертуі мүмкін екенін жеткізді.

"Бірлескен газхимия кешенінің құрылысы 10 жылдан асса да аяқталмай отыр. Энергетика министрлігі өңдеу жобаларына инвестиция салатын компанияларға мұнай мен газды өндіріп, экспорттауға ерекше жағдай жасау мәселесін де ойланғаны жөн" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

19 қараша 2020, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.