Атырау, 14 мамыр 02:09
 ашықВ Атырау +15
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

2 564 просмотра

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

"Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады.
Біз, бүкіл спорт қауымдастығы, қайғыңызға ортақтасып көңіл айтады, осы қиын сағаттарда сізді қолдағымыз келеді. "Әке – асқар тау" деп тегін айтпаған. Әкеңіз ер мінезді - Сәпиевтер отбасының тірегі еді. Әкеңіз туралы естеліктер, онымен бірге болған барлық жарқын сәттер осы қиын күндерде тірегіңізге айналсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін", - делінген федерацияның хабарламасында.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Жұманғали Сәпиев зейнетке шыққанға дейін ұзақ уақыт Қарағанды облысындағы Абай шахтасында шахтер болып жұмыс істеген.

18 қараша 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.