Атырау, 14 мамыр 19:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Ақтөбеде зауыттан өрт шықты

2 226 просмотра

Ақтөбе облысында сұйық май шығаратын зауыт өртенді. От газ арқылы пісте кептіретін цехтан шыққан, деп хабарлайды "КТК".

Күнбағыс майын шығаратын бұл зауыт Хромтау ауданына қарасты Жазық бекетінің маңында орналасқан. Цехтағы будақтаған көк түтін бірнеше шақырымнан көрінеді. Қызыл жалын таңғы сегіз жарымдар шамасында жұмысшылар пістені кептіруге кіріскенде тұтаныпты. Дереу аудан орталығынан өрт сөндіру қызметінің қос техникасын шақыртқан. Олардың шамасы жетпеген соң жекеменшік компанияның да су шашатын көлігі тартылды. Цех аумағаның үлкендігіне байланысты бұдан өзге тағы 6 техника мен 26 өрт сөндіруші оларға көмекке келді. Қазір өрттің шығуына байланысты тексеру жүріп жатыр. Зауыттағы жұмысшылар дін аман.


18 қараша 2020, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.