Атырау, 15 мамыр 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Мектептегі білім сапасы бойынша соңғы орындамыз

4 159 просмотра

Бiлiм дамыту мен зерттеу ассоциациясы (БДЗА) білім беру көрсеткіштері бойынша ҚР облыстарының рейтингін жариялады. Өкінішке орай, Атырау облысы аутсайдерлер қатарынан орын алды.

Бұл есепте 3 көрсеткіштің салыстырмалы талдауы қолданылған: PISA - жасөспірімдердің білімін халықаралық бағалау және білімді практикада қолдана білу; Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - мектепті бітіргенде және ЖОО-ға түскенде білімді бағалау үшін, Ұлттық біліктілік тестілеу (ПҰБТ) - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының, орта мектеп мұғалімдерінің білімін бағалау.

Ассоциация Қазақстанның білім беру жүйесін прогрессивті халықаралық әдістер негізінде дамытумен айналысады. Оның құрылымдары білім саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, педагогика қызметкерлерін тұрақты сертификаттаудан өткізеді, осы салада түрлі халықаралық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырады.

Салыстырмалы талдауға 2017 және 2019 жылдардағы ҰБТ, 2018 және 2019 жылдардағы ПҰБТ және 2015 және 2018 жылдардағы PISA нәтижелері негіз болды. Облыстар бойынша жинақталған көрсеткіш Атыраудың ең соңғы орынның алдындағы 16-орында тұрғанын көрсетті.


БІРІНШІ ОРЫНДА АСТАНА, СОҢҒЫ ОРЫНДА – АТЫРАУ

Оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (ағылшынша Programme for International Student Assessment - PISA) - бұл әлемдегі түрлі елдердің мектеп оқушыларының сауаттылығы мен алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуін бағалайтын тест. Оған 15 жастағы жасөспірімдер қатысады.

PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап үш жылдық циклда жүргізіліп келеді. Тестіні Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесіп және ұлттық орталықтардың қатысуымен ұйымдастырады. Қазақстан алғаш рет 2009 жылы PISA тестілеуіне қатысты, нәтижесі керемет болған жоқ. Келесі тест 2012 жылы өткізілді - оның нәтижелері бойынша біздің 15 жасар оқушыларымыз ЭЫДҰ-дағы құрдастарынан математика бойынша шамамен 1,5 жылға, жаратылыстану ғылымы бойынша 2 жылға артта қалған.

Рейтингте бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы алды - елордалық оқушылар PISA-2015 және PISA-2018-де ең жоғары нәтиже көрсетті.

Алматы 2017 және 2018 жылдардағы ҰБТ қорытындысы бойынша жалпы рейтингте астанадан кейінгі екінші орынды иеленіп, көш бастады. Атырау облысы Қазақстан Республикасының барлық аймақтары арасында тек 2018 және 2019 жылғы ПҰБТ-дан басқа, бүкіл емтиханнан ең төмен нәтиже көрсетті.

PISA-2015 зерттеуіне Қазақстаннан барлық облыстан және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 189 мектеп пен 27 колледжде оқитын 15 жастағы 5780 оқушы қатысты. Сол кезде Қазақстан 72 қатысушы елдің арасында 42-орынға ие болды. Ел бойынша орташа көрсеткіш - 447 балл, Атырау облысының орташа баллы - 406: ҚР-дағы ең төменгі көрсеткіш (біздің балалар математикадан 412 балл, сауаттылық бойынша 391 және жаратылыстану бойынша 414 балл жинады). Салыстыру үшін - елордалық мектеп оқушылары орта есеппен 483 балл, аймақтар бойынша көшбасшы Қарағанды облысының балалары - 482 балл жинады.

PISA-2018 нәтижелері аймақтар бойынша тағы да 435 балл жинаған Нұр-Сұлтан қаласының, 362 балл жинаған Атырау облысы оқушыларының көрсеткіштеріндегі айтарлықтай айырмашылықты анықтады. Ел бойынша орташа нәтиже - 403 балл. Біз тағы да ең соңғы орынға жайғастық. ҰБТ нәтижелері де солай - біз 2 жыл бойы ең соңғы орында болдық. 2017 жылы ел бойынша орташа балл 80,2 болғанда, біздің түлектер 70 балл жинады. 2018 жылы орташа балл 81,6-ға тең болғанда, біздің нәтиже - 67,42 балл болды. Ал қазір балалардың қашықтан оқып жатқанын ескерсек, PISA-2021 нәтижелері одан да  төмен бола ма деп қорқамын.

Осы зерттеу нәтижелері Қазақстандағы білім сапасында үлкен айырмашылық бар екенін айқын көрсетті.

- Басқалардан едәуір озған аймақтар, білім сапасы нашар және әлі де өте қомақты инвестицияны қажет ететін аймақтар бар, - делінген жобаның түсйіндемесінде.


«ЖОЛ КАРТАСЫ» КӨМЕКТЕСЕ МЕ?

Ресми анықтамаға сәйкес, ұлттық біліктілік тестілеуі - мұғалімнің құзырет деңгейі мен оның қойылып отырған талаптарға сәйкестігін анықтайтын тест. 2018 жылы ПҰБТ қағаз жүзінде жүргізілген кезде Атырау облысының мұғалімдері көш басында болды. Келесі жылы ПҰБТ компьютерлік режимде жүргізілді. Мәлімделген біліктілік деңгейін растаған педагогтардың орташа пайызы бірден 18%-ға төмендеп, біздің облыс 1-ші орыннан 15-ші орынға түсті. Соңғы өткен ПҰБТ орта мектеп мұғалімдерін БЖБ, ТЖБ-ның жаңартылған бағдарламалары бойынша оқытып, олардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру қажет екенін көрсетті.

Комментарий алу үшін біз облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВҚА жүгіндік. Оның айтуынша, өңіріміздегі төмен нәтижелердің негізгі себептері - мектептердегі ішкі бақылаудың сапасыздығы, оқушылардың тестілеуге жеткіліксіз дайындығы және білім беру жүйесіндегі менеджменттің әлсіздігі.

Менеджмент дегеніміз - мектептер мен білім беру бөлімдерінің әкімшілігі. Бұл оның пікірі ғана емес, білім министрлігі ұйымдастырған жұмыс комиссиясы да осындай қорытындыға келді.

Оның құрамына білім сапасын бақылау департаментінің, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, бейінді министрліктің және т.б. өкілдері кірді. Жағдайды өзгерту үшін келесі жылдан бастап облысымызда «Дамудың жол картасы» жұмысын бастайды, оны әзірлеуге НЗМ мамандары тартылды. «Жол картасы» үш жылға арналған. Ал әзірге талдау тобы диагностика жүргізуде, оның мақсаты - жүйенің әлсіз тұстарын анықтау.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қараша 2020, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.