Атырау, 24 қараша 13:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда бір шақырым жол құрылысына 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген

724 просмотра

Атырау қаласында Бейбарыс даңғылынан Әбілқайыр хан даңғылына шығатын жол салынуып жатыр. Ұзындығы 1 шақырымдай болатын жол құрылысына 10 млрд 152 млн 79 мың теңге бөлінген.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, жол құрылысын жүргізу үшін 2023 жылы тендер өткізіліп, «КазСервисГрупп» ЖШС мердігер боп табылған.

- Қазіргі таңда жол салу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жол Нұрсая ықшамауданындағы №16 көше арқылы екі ірі даңғылды жалғап тұрады. Жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес жолдың жалпы ұзындығы 1046 метр, ені 15 метрді құрайды. Жол 4 жолақты болады, - деді «АЖ» сауалына тапсырыс беруші Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Бөлімнің мәліметіне сүйенсек, нысанды 2025 жылы қолданысқа тапсыру көзделіп отыр. Сондай ақ, бұл жолдың жалғасы ретінде Әбілқайыр хан даңғылынан Сарықамыс ықшамауданы арқылы Жастар көшесіне дейінгі аралықта қайта жаңғыртудан өткізу үшін қазіргі танда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Аталған нысан жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес, ені 15 метр, 4 жолақты болады. Бұл нысанды да 2025 жылы қолданысқа тапсыру көзделіп отыр.

Сарқамыс ықшамауданы төменде орналасқандықтан, бұл жол жыл сайын жаңбыр жауса, көліктің дөңгелегі көрінбейтіндей тереңдікте су астында қалып жатады. Жолдар бөлімі қайта жаңғырту кезінде мүмкіндігіне қарай, жол жиектеріне жаңбыр суын жинақтайтын суағар қарастырылатынын атап өтті.

Бұл жолды қайта қалпына келтіруге 2 521 610 909 теңге бөлінген.  Мердігер «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 мамыр, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.