Атырау, 23 желтоқсан 01:42
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Каспий итбалығының Индерборға жетуі мүмкін бе?

Бейнежазба
907 просмотра

Әлеуметтік желіде Индер ауданына қарасты 7-ауылдың су басқан аумағында итбалық жүзіп жүр деп жазылған видео тарап жатыр.

Итбалық Жайық өзенінің жоғарғы ағысына шығып, Индер ауданына жетуі мүмкін бе? «AЖ» бұл сауалды Каспий итбалығын зерттеуге және құтқаруға өмірін арнаған Қазақстандағы ресми эко-амбассадор, Алматыдағы Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел БАЙМҰҚАНОВАҒА қойған еді.

«Тарихи деректерге сүйенсек, Каспий итбалығының бұрын Жайық өзенімен 200 шақырымға дейін көтеріле алатыны туралы деректер бар. Сондықтан қазір қатты су тасқыны болып жатқанын ескерсек, бұл мүмкіндікті жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бұл ақпарат егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді және ҚР Каспий итбалығы мемлекет қорғауында екенін ескерсек, жергілікті табиғатты қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барып, деректердің дұрыстығын тексеруі қажет. Десе де, видеодағы жануардың түрі күмән тудырады, сондықтан біз өзіміз уәкілетті органдардың ресми растауын күтіп отырмыз», - деді ғылыми қызметкер.

P.S. Айтпақшы, Индер ауданында 2, 3 және 5-ауылдар бар. Ал 7-ауыл Махамбет ауданында орналасқан.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

14 мамыр, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.