Атырау, 17 қаңтар 04:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Педофил деп айыпталған ақсулықтың сотын алқабилер жүргізетін болды

2 473 рет қаралды

Кәмелетке толмағандарды зорлады деп айыпталған Ақсу тұрғынының ісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктінің сотын алқабилер жүргізетіні айтылады.

Сот мәліметінше, ер адам бірден төрт бап бойынша айыпталып отыр: 120-бап "Зорлау", 121-бап "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", 287-бап "Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды сатып алу, беру, өткізу және сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", 296-бап "Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау".

"Іс алдын ала қаралды. Алқабилерді іріктеу тағайындалды", - деді соттағылар.

Айта кетейік, қылмыстық істе барлығы 25 эпизод бар.

Еске салайық, мұның алдында Ақсу тұрғынының екі жыл бойы төрт оқушыға зорлық-зомбылық көрсетіп келгені хабарланған болатын. Полициядағылар зорлықтың 2016-2018 жылдар аралығында жасалғанын айтқан еді.

17 қараша 2020, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.