Атырау, 14 қазан 15:17
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тоқаев пен Путин ресейлік вакцинаны өндіретін зауыт салуға келісті

2 379 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен ресейлік вакцинаны өндіретін зауыт салу туралы келісім жасағанын хабарлады, деп жазды sputnik.kz.

"Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет. Мен Ресей президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім",- деді Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте.  

Оның айтуынша, үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап кеткен.

"Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр", – деп толықтырды президент.

Мемлекет басшысы марламенттің осы сессиядағы жұмысы аяқталғанға дейін депутаттардың қарауына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасын енгізуді тапсырды.

Кеңес үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде өткізілді.

16 қараша 2020, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.