Атырау, 23 желтоқсан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болды

2 711 рет қаралды

Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылдың 12 қарашасында бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орта Азия комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды", – делінген қауымдастық ақпаратында.

Онлайн форматта өткен отырысқа бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджмеддин Біләл Ердоған қатысқан.

Қауымдастықтың хабарлауынша, комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті енеді.


Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт қауымдастығы Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері, құсбегілік, дәстүрлі садақ атуды дамыту, насихаттау және ілгерілетуді жүзеге асыратын заңды негіздегі аккредиттелген жалғыз ұйым.


16 қараша 2020, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.