Атырау, 6 мамыр 18:09
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жыл соңына дейін елімізде жаңа көліктер тапшылығы болады

2 727 просмотра

Жыл соңына дейін елімізде жаңа көліктер тапшылығы күтіледі. Әсіресе белгілі маркалар қолжетімсіз болуы мүмкін. Пандемия салдарынан бірқатар шетелдік зауыттың жұмысын тоқтатуы қордың кәдімгідей азаюына алып келді. 

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, импорттаушылардың дені жыл басында тапсырыстарды қысқартқан болатын. Бірақ сұраныс азаймады. Автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мұның соңы көліктердің жетіспеушілігіне алып келеді деген болжам жасады. Өткен айда жалпы сатылым үлесі 4 процентке төмендеді. Бірақ көрсеткіш жаман емес. 9 мың көлік сатылған. Дилерлердің қалтасына 78 млрд теңге түсті. Биыл елімізде 70 мың темір тұлпар өз иесін тапты. Жаңа жеткізілімнен кейін бағаның шарықтауына қарамастан көліктерге сұраныс азаймай тұр. 

Еске сала кетсек, қазіргі құн 10,5 млн теңгенің айналасында. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 процентке қымбат.  

Бір келі бал Өскеменде 1200 теңгеге сатылып жатыр, Талдықорғандағы баға 1500 тг, бас қаламызда өнім 1800 тг, Түркістанда да осы баға. Қызылордада бал 2000 тг болса, Атырауда 2500 теңгеге сатылып жатыр.  

Халықаралық энергетикалық агенттік мұнайға әлемдік сұраныс бойынша қысқа мерзімді болжамын қайта қарады. Енді сарапшылар тәуліктік сұраныстың 0,4 миллион баррельге төмендейтінін айтады. Сөйтіп, 91 миллион 300 мың баррельге жетеді деген болжам бар. Мұндай ахуалға Еуропа мен АҚШ-та коронавирустың қайта өршуі себеп дейді. Оған қоса жаңа шектеу шаралары да теріс әсерін қалдырған. Бірақ 2021 жылы тәуліктік сұраныс 97 миллион баррельге келеді. Сарапшылардың бұл болжамы былтырғы деңгейден үш миллион баррельге аз. Қара алтынның бағасы қыркүйектен бері алғаш рет 45 доллардан асты. 

ОПЕК+ сарапшыларының айтуынша, биылғы сұраныс шамамен 10 млн баррельге азаяды. Келесі жылғы көрсеткіш 6,2 млн баррельге азаятынын болжап отыр. Халықаралық энергетикалық агенттік ОПЕК+ мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге дейін арттыру шешімін қабылдайтын болса, келесі жылы әлемдік қор азаймайтын болады. Бірақ пандемия салдарынан қара алтынды тұтыну үлесін алғашқы тоқсанда тәулігіне 700 мың баррельге қысқаратыны да болжанған.

Дереккөз: 24.kz

13 қараша 2020, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.