Атырау, 23 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетелдіктер қазақстандықтарға "Nike" акцияларын сатқан

Бейнежазба
3 115 рет қаралды

Шетел азаматтары еліміздің бес аумағында заңсыз қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары өздерін "Unique finance" шетел компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарға ақша қаражаттарын "Pepsi", "Nike", "Microsoft", "Ford", "BMW" секілді халықаралық ірі компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауды ұсынғаны белгілі болды. Салымшыларға ай сайын жалпы салған сомаларының 6 пайызы көлемінде, сондай-ақ,  жаңадан тіркелген серіктестің салым сомасынан 5 пайыз пайда алатыны уәде етілген", - делінген хабарламада.

Осы компанияға ең төменгі салым 1000 доллар екенін атап өткен жөн.

Бірақ шындығында пирамида ұйымдастырушылары салымшыларға "бренд" компаниялардың жалған акцияларын ұсынып, олардың ақшаларын иеленіп отырған. Олар мұндай заңсыз қызметті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында жүргізген.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

12 қараша 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.