Атырау, 24 ақпан 19:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдырады?

2 731 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігі қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мамандар тұрақты талдау жүргізіп жатқанын айтты.

"Біз 2 миллион доза туралы айтқанбыз. Халықтың шамамен 15 пайызын тегін вакцинациямен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл шамамен 3 миллион 600 мың адам. Бұл мәселе пысықталып жатыр және ДДҰ ұсыныстарына байланысты осы пайызды арттыру үшін қосымша қаражат іздестіріліп жатыр", - деді ол.
10 қараша 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.