Атырау, 23 желтоқсан 04:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ОПЕК+ келісімінің арқасында кен орындарының апатты тоқтап қалуына жол бермедік - Ноғаев

2 553 рет қаралды

ОПЕК+ келісімінің арқасында біз кен орындарының апатты тоқтап қалуына жол берген жоқпыз, деп мәлім етті ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қазақстан ОПЕК+-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Пандемия адамзаттың барлық салаларына үлкен түзетулер жасады, мұнай саласы да осыдан тыс қалған жоқ. Мұнай экспорттаушы елдердің келісімі арқасында біз мұнай мен мұнай өнімдері нарығында тепе-теңдікті сақтап, кейбір кен орындарының апатты тоқтап қалуының алдын алдық. 2020 жыл барлық мұнай саласы үшін сынақ болды, алайда бірлескен күш-жігердің арқасында нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі біртіндеп қалпына келуде. Мен Қазақстанның мұнай саласының барлық қызметкерлеріне олардың еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Ортақ күш-жігердің арқасында біз еліміздің отын-энергетикалық кешені үшін жағымсыз салдарлардан құтыла алдық», - деді Ноғаев дүйсенбі күні Маңғыстау облысына сапары барысында ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстанда жүргізілген жұмыстар жайлы.

Хабарда нақтыланғандай, 2020 жылғы қазан айында, алдын-ала ресми деректерге сәйкес Қазақстанда конденсатты есепке алмағанда мұнай өндіру тәулігіне 1,400 млн.баррель болған. ОПЕК + келісімі бойынша міндеттемелерді орындау деңгейі 99%-ды құраған.

9 қараша 2020, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.