Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елжан Біртанов үйқамақта жатыр

2 988 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов үйқамақта жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған еді.

Ол 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Сол күні Елжан Біртанов өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірген. Ол уақытта шенеунік коронавирус жұқтырып, ауырып жатқан болатын. 

Бұған дейін қазақстандықтар бұрынғы денсаулық сақтау министрін қолдау акциясын бастағаны белгілі болған

7 қараша 2020, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.