Атырау, 6 мамыр 03:18
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Польшадағы 16 жасар студенттің өліміне байланысты СІМ мәлімдеме жасады

2 548 просмотра

Варшавадағы ҚР елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына байланысты тергеуді өз бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Польша құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жергілікті полиция кісі өлтірген күдікті мен оның осы елдің азаматтары болып табылатын серіктестерін ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген күдік келтірілді, оның досы тергеуге кедергі келтіріп, көмек көрсетуден бас тартты деп айыпталуда. Күдікті аңшы болып табылады, ол қазақстандық студенттерге қарай қателесіп оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық тарап Польша билігіне тергеуді мүмкіндігінше мұқият жүргізіп, барлық кінәлілерді жазалау туралы өтінішпен жүгінді. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарын рәсімдеп, қайтыс болған адамның денесін елге қайтару шараларын қолға алуда, делінген хабарламада.

Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары осы қайғылы оқиғаға байланысты дүрбелең туғызбауды, жеке жағдайларына құрметпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін Польшада 16 жасар қазақстандықтың оқ тиіп, көз жұмғаны хабарланған болатын.

6 қараша 2020, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.