Атырау, 6 мамыр 07:09
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Біртанов күресуге ниетті" - денсаулық сақтау экс-министрінің қорғаушысы

2 584 просмотра

Ұсталған денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың қорғаушысы бұрынғы шенеуніктің алдағы жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат Дмитрий Куряченконың айтуынша, Елжан Біртанов "өтірікке қарсы, шындық үшін" күреседі.

"Ол өтірікке қарсы, шындық үшін күресуге ниет білдіріп отыр. Өзіне әділетсіздік жасалғанын сезіп отыр. Елжан Біртанов суық және жабық қабырғалардың артынан адамдардың қолдауын сезеді, олардың жылуы мен ыстық лебізін естиді. Әрбір жанға алғыс айтады", - деді қорғаушы.

Дмитрий Куряченко Біртановты ұстау туралы шешімге шағым түсіретінін атап өтті. 

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Кеше, 5 қарашада Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы басталды.

6 қараша 2020, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.