Атырау, 6 мамыр 12:09
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанның қай өңірінде пәтер қымбаттады?

2 604 просмотра

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап пәтер 13 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Krisha.kz

Сайт мәліметінше, мұндай динамика бірнеше өңірде байқалған. Мысалы Атырауда пәтердің шаршы метрі 278 мың теңгеден. Бұл елдегі ең төменгі көрсеткіш - 5,6 пайыз. 

Нұр-Сұлтанда шаршы метрі 358 мың теңгеден, осы жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7 пайызға қымбат. 

Алматыда динамика 7 пайызға тең, шаршы метрі - 450 мың теңгеден. 

Қызылордада - 9,5 пайыз, шамамен 150 мың теңге. 

Он пайыздан жоғары көрсеткіш тіркелген өңірлер:

  • Талдықорғанда: +12.6 пайыз, 255 мың теңге;
  • Қостанайда: +12.8 пайыз, 242 мың теңге;
  • Ақтөбеде: +13.3 пайыз, 171 мың теңге;
  • Көкшетауда: +13.4 пайыз, 247 мың теңге;
  • Оралда: +14.6 пайыз, 234 мың теңге.

Семей мен Қарағандыдағы индекс 17,3 пайызға, Шымкентте - 17,4 пайызға өскен. Өңірлердегі қазіргі бағалар: 223 мың теңге, 271 иың және 292 мың теңге.  

Тараз бен Петропавлда пәтердің құны орташа есеппен 19,5 пайызға, Павлодарда 19,6 пайызға өскен. Аталған өңірлерде пәтердің шаршы метрі - 205 мың, 278 мың және 233 мың теңге. 

Ең жоғары көрсеткіш Өскеменде тіркелген. Қазан айында 1 шаршы метр 276 мың теңге болған, бұл қаңтармен салыстырғанда 22,4 пайыз қымбат. 

Елімізде пәтер құны төмендеген өңір - Ақтау. Өңірде пәтер құны 0,7 пайызға қымббааттаған. Ақтауда пәтерлердің шаршы метрі - 199 мың теңгеден. 

6 қараша 2020, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.