Атырау, 7 мамыр 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Батыс Қазақстан облысында төрт ауыл жоғалады

6 403 просмотра

Ақжайық ауылдық округінің Сүттігенді елді мекені, Аңқаты ауылдық округінің Жаңаауыл елді мекені, Аңқаты ауылдық округінің Тасаншеген елді мекені, Шағатай ауылдық округінің Қарабас елді мекені таратылады, деп хабарлайды Орал апталығы.

Елді мекендерді тарату туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің шешімі жрияланған:

"Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 221 бірлескен қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 6391 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Теректі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы №145 бірлескен қаулысы және Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 шілдедегі №43-11 «Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы»», Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:

Ақжайық ауылдық округінің Сүттігенді елді мекені;

Аңқаты ауылдық округінің Жаңаауыл елді мекені;

Аңқаты ауылдық округінің Тасаншеген елді мекені;

Шағатай ауылдық округінің Қарабас елді мекені".

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев

Сессия төрағасы Н. Серғалиев

Мәслихат хатшысы М. Құлшар" делінген шешімде.

5 қараша 2020, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.