Атырау, 24 ақпан 20:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Өскеменде билеті бар 49 адам ұшаққа отырғызылмады

2 675 рет қаралды

2 қарашада Шығыс Қазақстан облысынан билеті бар 49 адам ұшаққа отыра алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов айтқандай, Шығыс Қазақстан облысынан 49 әуе жолаушысы ПТР-анықтамасы болмаған, сондықтан оларды Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына бағыт алмақ ұшақтарға отырғызуға тыйым салынған.

2 қарашада ПТР-анықтамасы бар 385 жолаушы облыстан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына ұшып шықты.

ПТР-анықтамасы жоқ 33 адам Өскемен және Семей әуежайларынан Нұр-Сұлтанға ұшқысы келген. Олардың екеуінңғ қолындағы ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткен.

11 адамға Алматыға, ал Өскеменнен 5 адамға Шымкентке ПТР-тестісіз ұшуға тыйым салынды.

Бұрын хабарланғандай, КВИ диагнозын жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы болған жағдайда ғана Шығыс Қазақстаннан кету үшін ұшақ пен вагондарға отырғызылады.

3 қараша 2020, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.