Атырау, 7 мамыр 09:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы екі айға қамауға алынды

2 579 просмотра

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Еске салайық, Болатбек Каюповтың ұсталғаны туралы 29 қазанда белгілі болған еді.

Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Каюпов серіктесімен бірге 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-пен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жалпы сомасы 78 миллион теңге пара алғанын хабарлаған еді.

2 қараша 2020, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.