Атырау, 20 сәуір 11:50
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

АМӨЗ суға мұнай өнімдерінің қалдықтарын тастаған

4 063 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауыты суға мұнай өнімдерінің қалдықтарын тастады, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облыстық экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізді.

Тексеру барысында “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды.

Жылдам әрекет ету мақсатында облыстық Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бөлімі қалдықтардың сынамасын алды. Алынған сынамалар әрі қарай анализ жүргізуге жіберілді.

Қазіргі уақытта «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуге қатысты дайындық іс-шарасы жүргізілуде», делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Зауыт осы оқиғаға байланысты түсінік берді:

«1 қарашада биологиялық тазарту құрылыстарының жұмысында ақаулық орын алып, бұл қысқа уақытта биологиялық шламның нормативтік-тазартылған ағынды сулар арнасына тасталуына себеп болды. Қазіргі уақытта технологиялық режимді түзету жұмыстары жүргізіліп, осы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды" деп хабарлады АМӨЗ баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мені әнәу күні сотқа берем деген АМӨЗ ҚР Президентінің телерадиокешенін де заң алдында жауапқа тартпақшы деген сыбыс естігем, "Ауасы ластанған Атырау" деген деректі фильмі үшін. Менің АМӨЗ-ден ала алмай жүрген өшім жоқ! Тек халықтың қамы ғой. Не масқара мынау? #прикол #жесть #стройка #tengizchevroil #Atyrau #тшо #тенгизшевройл #нефтьигаз #oil #tco #ktk #denholmzholdas #oilnews #ccep #ktr #sichim #gate #cocr #karat #chimimontazh #umirzakservice #fssa #ess #естьработа
Публикация от Isker Adam (@iskeradam)
2 қараша 2020, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.