Атырау, 23 желтоқсан 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандық боксшылар WBO және WBC титулдарын жеңіп алды

2 811 рет қаралды

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда қазақстандықтар бірден бірнеше чемпиондық белбеуді сарапқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мирас Ертанов (2-0, 0 КО), Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО), Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) және Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) чемпиондық белбеуді жеңіп алды. 

Титулдық жекпе-жек нәтижесі: 

Мирас Ертанов (2-0, 0 КО) — Дарын Имаханов (1-1, 0 КО). Ертанов ұпай саны бойынша жеңіске жетіп, бірінші орта салмақта WBC ABC Silver титулын жеңіп алды. 

Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО) — Ерасыл Ақранбек (1-1, 0 КО). Жеңіс Сұлтанбайдың еншісінде. Ол бірінші орта салмақта WBO Asia Pacific титулын иеленді. 

Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) — Бекет Қожабеков (1-1, 0 КО). Тұрсынов төртінші раундта нокаутпен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBC ABC Silver титулына қол жеткізді. 

Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) — Нұрболат Бекбауов (1-1, 1 КО) жекпе-жегі бірауыздан төрешілердің шешімімен Әміровтің жеңісімен аяқталды. Ол екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific бос титулының иегері атанды.

2 қараша 2020, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.