Атырау, 20 сәуір 04:58
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

2 643 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын.
Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.
30 қазан 2020, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.