Атырау, 7 мамыр 03:01
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Түркістан облыстық сотының судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

2 522 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облыстық сотының судьясы бес жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"27 қазанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Бекімбетов 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен "Азия Строй" ЖК банкроттық басқарушысы Ережепов 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бекімбетов Ережеповтен жеке кәсіпкердің қорытынды есебі мен тарату теңгерімін бекіту туралы сот ұйғарымын орындауды кейінге қалдыру туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды. 


30 қазан 2020, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.