Атырау, 14 қазан 23:33
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Әблязовтың сыбайласы Грузиядан экстрадицияланды

2 324 просмотра

"БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазанов Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"2020 жылғы 29 қазанда бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемдесуімен Грузиядан "БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады.
Ол 249 миллиард теңгеден аса қаражатты БТА Банкінің активтерін Мұхтар Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Рамазанов Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүргенін анықтағанын атап өтті.

"Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузияның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұстады.
Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
30 қазан 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.