Атырау, 23 сәуір 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

Атырау және тағы бес облыста дауылды ескерту жарияланды

4 407 рет қаралды

30 қазанда Қазақстанның алты облысында дауыл тұру ықтималдылығы ескертілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 70-75% құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м / с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м / с құрайды. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м / с күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.

29 қазан 2020, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.