Атырау, 14 қазан 23:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

83 жастағы Нүсіпжановтың ұлды болғаны шындыққа жанаспайды

6 653 просмотра

Кеше кешке еліміздегі интернет-ресурстар 82 жасында шаңырақ көтеріп, белігіл журналист Жадыра Сейдешті жар етіп алған, әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғанын жазып жатты. Бәрі құтты болсындап, тілек тіледі, деп хабарлады malim.kz.

Әңгіме «Алматы» телеарнасынан шығатын «Paparazzi» бағдарламасынан тараған еді. Бүгін телеарна басшысы Нұржан Жалауқызы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, кешірім сұрады.

«Құрметті ФБ оқырмандары!

Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы  тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді.  Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың  тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының  тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын», — деді арна басшысы.

29 қазан 2020, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.