Атырау, 23 сәуір 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Шымкентте университет шәкірттері шу шығарды

Бейнежазба
4 008 просмотра

Бұл жолы Шымкенттегі Халықтар достығы университетінің шәкірттері шу шығарды. 12 мың білім қуған жастың басын қосқан оқу ордасы жуырда сот шешімімен лицензиясынан айрылып қалған еді. Енді оқуы ойран болған студенттерді өзге мекемелер қабылдамай жатыр. Неге? Үкім кесерде сот үміт күттірген жастардың жайын ұмытты ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Айгүл Қапаш Халықтар достығы университетінің 4-курсында оқиды. Болашақ дизайн және архитектор маманы. Ол осы факультетті кезінде Алматы, Нұр-Сұлтаннан іздеп таба алмай, Шымкенттегі аталмыш жоғары оқу орнынан кездестіріпті. Белсенді әрі үздік студентке университет басшылығы бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер жасағанын айтады. Соған сәйкес, оқу ақысы да төмендетілген. Енді оқу ордасы жабылатын болса, мұндай мүмкіндіктен айырылатынын ол жақсы біледі.

Айгүл Қапаш, 4 курс студенті:

Ал, енді маған архитектура саласы керек. Жарнама саласы керек. Бұлар жалпылама дизайн береді. Ертең мен жұмысқа тұрған кезде 5 мамандық бойынша да жұмысқа кете беремін. Ал, басқа университетте мен кете алмаймын. Тек, бір мамандықта ғана қалып кетемін. Мені қазіргі таңда, сол толғандырып отыр.

Айгүл секілді, мұнда 12 мыңнан астам студент бар. Барлығын толғандыратын мәселе бір - оқуды қайда, қалай жалғастырмақ? Университет жабылады екен дегенді естігенде шәкірттер өзге оқу орындарын аралағандарын айтып отыр. Алайда, ондағылар құжаттарын қабылдаудан бас тартыпты. Оның үстіне, оқу ақысы да тым жоғары екен.

Мадина Шырынбек, 1 курс студенті:

Білім министрі айтты ғой, именно бізге айтты: сендердің оплаталарың басқа универге барғанда толық сақталады деді. Яғни, 180 мың теңге ме? 180 мың теңгемен оқисыңдар деді. Алайда, мен басқа универге барып, сұрастырып көргенімде маған айтты: сенің оплатаң да скидкаң да сақталмайды деді. Міне, осы болып тұр енді.

Мырзан Абдулла, 3 курс студенті:

Бізде қаншама жеңілдіктер бар. Ертең басқа уинверситеттерге ауысқан кезде сол бойынша оқыта алады ма? Оплатасы сақталады ма? Мысалы мен өзім көпбалалы отбасынан шыққанмын. Менің мысалы Тех-та оқуға жағдайым жетпейді. Өйткені, оплатасы қымбат. Маған оплата жағынан осы университетте оқыған қолайлы.

Білім және ғылым министрлігінің тексерісінен кейін басына қара бұлт үйірілген университет таяуда қалалық соттың шешімімен лицензиясынан айырылған. Бірақ, бұған оқу ордасының басшылығы келіспейді. 20 жылдық тарихы бар мекеме бұған дейін жас мамандарды жұмысқа орналастыруда алдыңғы қатардан көрінсе, қаржылық-экономикалық салада көш бастап тұр екен. Соған қарамастан, бізді білім беру құқығынан айырып отыр, дейді. Жуырда, сотқа аппелациялық шағым түсірмекші.

Айгүл Көпешова, университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры:

Бізде оқу процессі бойынша ешқандай кемшілік жоқ. Енді соттың шешімі дұрыс болады деп ойлап отырмыз. Сот дұрыс шешім қабылдайды. Және де біздің студенттеріміз осы универсиетте оқиды.

Дегенмен, жуапты ведомство оқу ордасының лицензиясын қайтарып алу жөнінде қаулы заңды күшіне енген жоқ деп отыр. Енген жағдайда ғана, министрлік тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылып, Шымкенттегі жоғары оқу орны басшыларымен кездеседі. Сол жерде студенттерді өзге университеттерге ауыстыру мәселесі шешіледі екен.

Ғалымжан Жұмашев, Білім және ғылым министрлігінің комитет төрайымының орынбасары:

Бұл жерде енді студенттер өзінің өтінішінде тек қана Шымкент қаласында емес басқа да Қазақстанның өңірлеріндегі жоғары оқу орындарына барамыз деген өтініштерін білдірсе, ол мәселе де қарастырылатын болады.

Осы күні аталған университетте 12 мыңнан астам жас білім алып жатыр екен. Оның тең жарымы, былтыр ғана Шымкентте жабылып қалған жоғары оқу орнының студенттері, дейді.


28 қазан 2020, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.