Атырау, 23 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"СҚ-Фармация" қоймасында коронавирустан емдейтін 12 дәрі жетпей тұр

2 751 рет қаралды

"СҚ-Фармация" қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ. Бұл туралы "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 26 қазанда "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, " ҚР "Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы" ЗТБ филиалының мамандары "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.

Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. "СҚ-Фармацияның" мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.

"Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ", - деді Мирас Шекенов. 

"СҚ-Фармация" өкілі А. Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек", - деді Шекенов.

28 қазан 2020, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.