Атырау, 6 мамыр 23:39
 ашықВ Атырау +19
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанда "әндеткіш" жолдар пайда болды

3 360 просмотра

Нұр-Сұлтан-Шортаңды автомобиль жолында "әндеткіш" шулы жолақтар орнатылды. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.

"Әндеткіш жолдар" жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді, делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Эксперименттің нәтижесі бойынша келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатылмақ.

Шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің жинақталуына көмектеседі.


28 қазан 2020, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.