Атырау, 7 мамыр 01:27
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қабырғасын бұзып кірген: Таразда зергерлік дүкен тоналды – видео

2 288 просмотра

Таразда әккі қарақшы зергерлік дүкеннің қабырғасын бұзып, тонап кеткен. Мұқият ойластырылып жасалған қылмыс туралы ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Қазан айының 14-інен 15-іне қараған түні қарақшылар зергерлік дүкеннің қабырғасын бұзып кіріп, қымбат бағалы әшекей бұйымдарды қолды еткен. 

Алдын ала есеп бойынша, шығынның жалпы көлемі 25 миллион теңгені құрайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тонауға қатысты күдікті 22 қазанда ұсталды. Ол бұрын сотталған Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. 

28 қазан 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.