Атырау, 2 мамыр 12:43
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды

12 948 просмотра

2019 жылдың тамыз айында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыр Сейдешті жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір жыл бұрын танымал әнші ағамыз дүркіретіп той жасап, қоғамның беткеұстар тұлғалары онда қонақ болған еді. Журналистер де бұл оқиғаны қалт жібермей, жан-жақтан отбасын құрушыларға сұрақтарды қарша боратқан. Соның бірінде Нүсіпжанов әйелі өзіне ұл сыйласа, арманы болмасын айтып қалған. Міне, сол арман орындалған күн де келді.

Шығармашылық өкілдері арасында Жадыра Сейдештің ұл босанғаны жайлы мәлімет желдей есуде. Ал Нүсіпжановтың өзі бұл қуанышты оқиғаға қатысты әлі тіс жарып, ештеңе айтпады. Дегенмен "Папарацци" бағдарламасы журналистері ағамызды тауып алғанда, ол кетуге қатты асықты. Тек: "Бәрі жақсы!", - деп қысқа қайырды ел ағасы.
27 қазан 2020, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.