Атырау, 22 желтоқсан 09:15
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ПТР-анықтамасыз жолаушы тасымалдаған әуе компаниялары жауапқа тартылады

2 613 рет қаралды

26 қазанда Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына түзетулер енгізілді. Осы қаулыға сәйкес, ПТР-анықтамасы жоқ жолаушылар халықаралық рейстер орындайтын ұшақ борттарына жіберілмеуі тиіс, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Сондықтан 27 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен ұшып келетін жолаушылардың бәрінде ПТР-анықтама болуы міндетті.  

Алайда, ҚР Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың мәлімдеуінше, бүгін түнде Қазақстанға ұшып келген 42 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Анықтамасыз келген жолаушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР-тестен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылды. Ал қаулыда белгіленген талаптарды орындамаған әуе компанияларына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Айта кету керек, 27 қазанға қараған түні Қазақстанға Египет, Түркия, Оңтүстік Корея елдерінен ұшып келген жолаушылардың 96%-ында ПТР анықтамасы болған.

27 қазан 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.