Атырау, 10 желтоқсан 10:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«Ол барлық жағынан талантты болатын»

3 631 просмотра

21 желтоқсан күні АМУ-да академик Зейнолла ҚАБДОЛОВТЫҢ шығармашылық мұрасына арналған ғылыми конференция болып өтті. Биыл атақты жазушы, әдебиеттанушы, педагогтың туылғанына 85 жыл толып отыр.

Сазгер Илья ЖАҚАНОВ З. Қабдоловтың сөзіне жазылған керемет «Жайық қызы» әнінің шығу тарихын баяндап өтті. Немересі Абай БАҚЫТ аты елге мәшһүр атасының отбасында қандай адам болғанын еске түсірді. Ал Алматы қалалық Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Светлана АНАНЬЕВА болса, ғалымның туған жері Доссор өңіріндегі көшеге Зейнолла Қабдоловтың атын беру жөнінде ұсыныс тастады.

Конференцияда Зейнолла Қабдоловтың Атырау мемлекеттік университетін қалыптастыруындағы рөліне үлкен көңіл бөлінді. Ол сонда бір жылдары өзі де дәріс оқыды. 90-шы жылдары академик Салық Зимановпен бірге Атырау педагогикалық институтына университет статусын алып берді. Және бастама көтеріп, университетке тіл білімінен дәріс оқуға, Тіл білімі және өнер институтынан, Ғылым академиясынан өзімен әріптес ғалымдарды - ең мықты деген филологтарды шақырады. Сонымен қатар, 2001 жылы АМУ-де журналистика факультетінің ашылуына да ұйытқы болған. 

Ақын әрі филолог, АМУ ұстазы Қадыр ЖҮСІП Зейнолла Қабдоловтың қандай мықты ұстаз болғанын елжірей, сағынышы аралас үлкен ықыласпен әңгімеледі:

- Ол кісі әрдайым асықпай, баппен сөйлейтін.Ал студенттер оны қанша уақыт болса да бәрі ауыздары ашыла тыңдайтын. Ол Абайдан бастап, Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтып беретін. Сол уақыттағы 90 минуттық дәрістің қалай бітіп қалғаны білінбей қалады да, студенттер бірінен соң бірі таласа-тармаса сұрақ қойып жататын... Ал Зейнекең болса, олардың әрқайсысына жауап бермей кетпейтін. 

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

26 желтоқсан 2012, 21:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.