Атырау, 5 желтоқсан 23:36
 ашық В Атырау -10
$ 420.79
€ 511.98
₽ 5.67

Қазақстанның бас санитар дәрігерін Өскемендегі ПТР-зертханаға кіргізбей қойды

568 рет қаралды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовты Өскемендегі ПТР-зерттеулер зертханасына кіргізбей қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент санитар дәрігердің сапарының мақсаты пандемияның екінші толқынына дайындықты тексеру екенін атап өтті.

"Атап айтқанда, мамандар өңірдегі ПТР-зерттеулердің қаншалықты қолжетімді екенін және тестілеу жүргізетін зертханалардың қаншалық дұрыс жұмыс істейтінін бағалады. Осылайша бас санитар дәрігер Өскемен қаласындағы облыстық репродуктив медицина орталығына жіберілмеді. Зертхана қызметкерлері мен басшылығы жасырған нәрсені тек болжауға болады",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
26 қазан, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.